Мектеп оқушыларының жалпыға бірдей міндетті білім алуын қамтамасыз ету мақсатында «Мектепке жол» республикалық акциясы өткізілуде.
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балаларды мектепке дайындауда, әрбір балаға көңіл бөлуде және шынайы қамқорлықта мақсатқа сай атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады.
Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде материалдық қолдау көрсету және балалардың әлеуметтік себептермен мектепке баруының алдын алу.
Науқан 2026 жылдың 1 тамызында басталып, 2026 жылдың 30 қыркүйегінде аяқталады деп жоспарланған.
Балаларды мектепке дайындауға көмектескісі келетіндер білім бөліміне немесе мектепке тікелей хабарласа алады.
Жедел желі нөмірлері
«Мектепке жол» акциясы барысында:
"Константиновка Мектеп - бөбекжай - бақша кешені" КММ 87153345275.
Республиканская акция «Дорога в школу» проводится в целях обеспечения всеобщим обязательным образованием учащихся школ.
Каждый гражданин Республики Казахстан может проявить гражданскую активность в оказании посильной адресной помощи в подготовке в школу детей из социально-уязвимых слоёв населения, внимание и настоящую заботу каждому ребёнку.
Цель акции – оказание материальной поддержки школьникам из малообеспеченных и многодетных семей, детям-сиротам, а также детям, оставшимся без попечения родителей, во время подготовки к началу учебного года и предупреждение неявки детей в школу по социальным причинам.
Старт акции планируется с 1 августа 2026 года, завершение – 30 сентября 2026 года.
Желающие оказать помощь детям в подготовке к школе могут обратиться в отдел образования или непосредственно в школу.
Телефоны «горячих линий»
при проведении акции «Дорога в школу»:
КГУ «Константиновский Комплекс – школа – ясли - сад» 87153345275





